Осынау күні қаумалаған дос-жаран ағынан жарылып, ақ тілегін жаудырсын! Сол тілектер орындалар күнді көрер жасқа жетуді жазсын! Өзіңдей кең пейілді, дархан көңілді адаммен дәмдес болуды бұйырған жандардың шынайы ықыласын уақыт шыңдай түсіп, жасыңа жас қосылған сайын айналаңа тілектес, ниеттес адамдар көбейе түссін! Денің сау болып, баянды да бақытты ғұмыр кешуді тілеймін Өзіңе! Туған күн мерейлі істердің бастау күні бола берсін, бақыт пен береке әкелсін, еңбекте табыс пен абырой тілейміз! Аққудын - ақтығын Өмірдің - пәктігін Арманның - ажарын Бақыттын - базарын Денсаулықтын - зорын Махаббаттын - молын тілеймін! Арманың алдамасын, Өмірің өкіндірмесін. Әрбір адамның дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір тамашалап көрсеңіз, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқайсыз. Біреулер жарыққа шыққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды – оның жұлдызы әлсіз жылтырайды, ал біреулер сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді – олардың жұлдызы біресе жарқ етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын жұлдыздар болады. Мұндай жұлдыздардың иелері айналасына жылу мен шапағат нұрын төгіп тұратын ізгі жандар болса керек. Бүгінгі туған күн иесін осындай ерекше жұлдыздың иесі деп айтуға болады. Тұла бойы тұнған дарын және өнерлі, ақылына көркі сай тартымды осынау қуаныш иесіне шын жүректен бақыт тілеймін. Жұлдызың сөнбесін! Әрқашанда жоғарылап, жарқырай берсін! Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап та жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол – кісілік келбет, азаматтық тұлға. Оған – дәл осындай адами асқақ қасиетке, қанша ғұмыр кешкенімен, жеткен де бар, жетпеген де бар. Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан НУРКЕНМЕНбир жыл бойы аса достығымыздың жарасып келе жатқанын мақтан тұтамын. Жаным соооол!!!!!!